Главбух - Портал информационной поддержки бухгалтеров

Үстеме сағаттарға төленетін ақы қалай есептеледі

7 октября 2019
0
Средний балл: 0 из 5
Үстеме сағаттарға төленетін ақы қалай есептеледі

Вопрос

Егер қызметкердің жалақысы 40 сағаттық жұмыс аптасы кезінде күндер бойынша негізгі айлықақы 117 825 теңгені, айнамалы бөлігі 39 275 теңгені құраса, барлығы 157 100 теңгені құраса, 2 сағат артық (үстеме) жұмыс ақысын қалай дұрыс есепке жазу керек

Ответ

Жауап берген:  Баргүл Тұрсынова, «ACTUALIS: Главбух» ЭЖ сарапшысы, ҚР кәсіби бухгалтері, САР.

 Үстеме сағаттарға төленетін ақы қалай есептеледі?

 Үстеме жұмысқа ақы төлеу: кесімді және уақыт бойынша ақы төлеу ҚР ЕК-де көзделген тәртіппен жүргізіледі. Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу жүйесі кезінде үстеме жұмыстарға жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Барлық жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңіндегі есепке жазылған жалақы сомасын есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу арқылы айқындалады.Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының» (бұдан әрі – Бірыңғай қағидалар) 8-тармағында ескертілген.

МАҢЫЗДЫ! орташа күндік (сағаттық) жалақы ‒ уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін орташа жалақы.


 


Еңбек кодексінің 127-бабына сай еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа жұмыскердің тарифтік мөлшерлемесі (лауазымдық айлықақысы) негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.

Сіздің жағдайыңызда үстеме жұмыс сомасын есептеу үшін 117 825 теңге сомасындағы айлықақыны қолданасыз.

Былайша есептеледі:

 

Сағаттық мөлшерлемені табамыз: 117 825 : 176 сағат= 669 теңге

Үстеме сағат үшін қосымша ақы: 2 сағат × 669 теңге/сағат × 1,5 = 2 007 теңге.

 

Жиынтығында есепке жазылғаны:

117 825 + 39 275 + 2 007 = 159 107 теңге.

Қызметкер бір айда толық жұмыспен өтеп шыққан жағдайда.

Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                
заберите Ваш подарок!          

Доступ к справочной системе     
«ACTUALIS: Главбух»!