Главбух - Портал информационной поддержки бухгалтеров

Салықтық рақымшылық аясында қазақстандықтар 8 млрд.теңге көлеміндегі салық берешектерін өтеген

15 октября 2019
5
Средний балл: 0 из 5
Салықтық рақымшылық аясында қазақстандықтар 8 млрд.теңге көлеміндегі салық берешектерін өтеген

Салықтық рақымшылық аясында қазақстандықтар 8 млрд.теңге көлеміндегі салық берешектерін өтеген

2019 жылғы 10 қазанындағы жағдай бойынша 334 127 жеке тұлға 7,9 млрд.теңге көлемінде салықтық берешегін өтеп, 1,64 млрд.теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Еске сала кетсек, 3 – 10 қазан аралығында 21 275 жеке тұлғаның 74,8 млн.теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылған болатын.

Салықтық берешегін өтеген ең көп азаматтар – Алматы қаласының 65 042 тұрғыны қарызын төледі. Екінші орында Ақтөбе облысы 34 68 адам, үшінші орында – Қостанай облысы – 28 975 адам.

Төленген салық сомалары бойынша алда Алматы қаласы. Шаһар тұрғындары қазіргі уақытта 4 млрд. 440 млн.теңге. Айта кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  Алматы бойынша салық қарызы 5,5 млрд.теңгені құраған болатын.

Жиналған салық қарызы бойынша осы аптадағы рейтинг көшбасшысы Алматы қаласының тұрғыны. Ол көлік салығы бойынша 1 862 999 теңге көлеміндегі негізгі борыш сомасын төлеп, аталған сомадан 1,5 есе асып түсетін өсімпұлы есептен шығарылды (2 745 000 теңге).



Нұр-Сұлтан тұрғындары салықтық берешегі бойынша 483,9 млн.теңгені өтеген. Қостанай облысында 459,8 млн.теңге көлеміндегі салық берешегі өтелді.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

 

Анықтама үшін: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) күшіне енуі туралы» 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді.

Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қаржы министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау бойынша Жол картасы жасалып, МКД-да орындалуға ұсынылды.


 


Жалпы, салықтық рақымшылыққа 1,4 млн.адам іліге алады. Олар 13,9 млрд.теңге көлеміндегі салықтық берешектің негізгі сомасын өтеген жағдайда, 6,3 млрд теңге өсімпұлы есептен шығарылатын болады.  

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)

logo
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                
заберите Ваш подарок!          

Доступ к справочной системе     
«ACTUALIS: Главбух»!