Главбух - Портал информационной поддержки бухгалтеров

ЭШФ жазып беру: ЭШФ жазып беру мерзімдерін бұзу

8 апреля 2019
4
Средний балл: 0 из 5
ЭШФ жазып беру
ЭШФ жазып беру

ЭШФ жазып беру 2019 жылдан бастап барлық салық төлеушілердің міндеті болып табылады. Электрондық шот-фактура жазып беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік өзгерді ме? Осы және басқа да мәселелер осы мақалада қарастырылады.

2019 жылдан бастап шот-фактураны электрондық түрде (ЭШФ) бұрын бұлай істемеген ұйымдар да жазып беруге міндетті. Мұндай салық төлеушілер көбінесе қателіктер жібереді. Мысалы, ЭШФ жазып беру мерзімдерін бұзады. Нәтижесінде олардың өздері де, контрагенттері де:

- бұл жағдайда кім не істеуге міндетті;

- жіберілген қателікті түзетуге бола ма және қалай түзету керек деген мәселелерге тап болады.

Мұндай жағдайда туындайтын мәселелерді нақты мысал негізінде талдауды ұсынамыз.

ЭШФ-ны мерзімдерді бұза отырып жазып беру мысалы 

1-ЖШС (ЖБР, ҚҚС) 2-ЖШС-ға (ЖБР, ҚҚС) электрондық шот-фактураны (ЭШФ) кешіктіріп (қызмет көрсетілгеннен кейін күнтізбелік 20 күннен кейін) жазып берді.

Сауалдар:

1. 1-ЖШС ЭШФ-ны кейін жүктей ала ма?

2. 2-ЖШС осы ЭШФ-ны қабылдай ала ма?

3. Жазып беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік қандай?

ЭШФ жазып беру мерзімдерін бұзу мәселелері жөніндегі түсіндірмелер 

1-ЖШС ЭШФ-ны кейін жүктей ала ма? 

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық шот-фактуралар электрондық түрде жазып беріледі, бұған Салық кодексінің 412-бабының 2-тармағында айқындалған, салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайлар қосылмайды:

1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдай.

Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдай.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ЭШФ АЖ-де тіркелуі тиіс.

Сонымен, ЭШФ ЭШФ АЖ-де уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда ғана кейінірек (15 күннен асырып) жазып берілуі мүмкін. Өзге жағдайларда ЭШФ-ны уақтылы жазып бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

2-ЖШС мерзімі өткізілген ЭШФ-ны қабылдай ала ма?

Салық кодексінің 402-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес олар бойынша:

есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта осындай құжатты жазып берген тұлғаның және (немесе) осындай құжат жазып берілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

шот-фактурада құжатты жазып беру күні, шот-фактураның нөмірі, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы, салық салынатын айналымның мөлшері туралы деректер көрсетілмеген;

шот-фактура Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес куәландырылмаған;

шот-фактура Салық кодексінің 412-бабының талаптарын бұза отырып, қағаз жеткізгіште жазып берілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төленуі тиіс қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы деп танылады.

Сонымен, 2019 жылдан бастап барлық шот-фактуралар электрондық түрде жазып беріледі, ал 1-ЖШС жазып беру мерзімін бұзған жағдайда, онда сәйкесінше әкімшілік жауапкершілік атқарады. Бұл ретте сатып алушы (2-ЖШС) мұндай ЭШФ бойынша жауапкершілік атқармайды және егер 1-ЖШС Салық кодексінің 402-бабында айқындалған басқа да қателіктерге жол бермесе, қосылған құн салығын есепке жатқызуға құқылы.

ЭШФ жазып беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік қандай? 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) ЭШФ жазып бермегені, не жазып беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленген.

Мысалы, Кодекстің 280-1-бабына сай жазып беру мерзімін бірінші рет (бір жыл ішінде) бұзған кезде салық төлеушіге ескерту жасалады. Бір жыл ішінде мерзімдерді қайталап бұзған кезде айыппұл жазып беріледі, ол да кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты:

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК (2019 жылы – 50 500 теңге);

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК (2019 жылы –  126 250 теңге);

iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК (2019 жылы – 252 500 теңге).

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                
заберите Ваш подарок!          

Доступ к справочной системе     
«ACTUALIS: Главбух»!